Қаз

Ревматоидті артрит және остеоартрит

Статистикаға сәйкес әлемдегі 30% -дан аса адамдардың буын жұмыстарының зақымдануы анықталады. Сондықтан буын аурулары – заманауи медицинаның ең көкейтесті мәселелердің бірі.

Бұрын буын аурулары жастары ұлғайған адамдарға тән деп саналды. Бірақ ақырғы кезде мамандар қимыл-тірек аппараты ауруының «жасарғанын» айтады.

Құздамалық артрит

Дені сау адамның иммундық жүйесі вирустармен, инфекциялармен, бактериялармен күресу үшін антиденелер шығарады. Құздамалық артрит кезінде бұл антиденелер «дұрыс емес» болады, олар өз ағзасының сау клеткаларына шабуыл жасайды.

Құздамалық артритпен ғаламшардың 1% жуық тұрғындары зардап шегеді. Әйелдер еркектерге қарағанда артритке душар болады.

Сырқан 30-35 жасқа қарай диагностикаланады, адам қартайған сайын өрши түседі және егде жасқа қарай өмір сапасына барынша ықпал етеді.

Құздамалық артриттің жауыздығы оның белгісіз дамуында. Науқас өзін өте жақсы сезінуі, әдеттегі өмір салтын ұстануы, типті осы ауыр сырқаттың бар екеніне күдіктенбеуі мүмкін. Ал бұл кезде ағза сау тіндерге шабуыл жасайтын, буындарды зақымдайтын, қабынуға себеп болатын антиденелер жасап шығарады.

Уақыт өте келе буындар біртіндеп бұзылады және формасын өзгертеді. Олардың қызметі жартылай немесе толығымен бұзылады. Соңғы деңгейінде ауру жүрек, бүйректер, буындар, өкпелер, жүйке сияқты басқа да маңызды органдарға таралады.

Құздамалық артриттің нышандары:

  • әлсіздену, шаршау, тәбетті және салмақты жоғалту;
  • таңертеңгілікте қозала алмай қалу;
  • буындардың ауруы,олардың аз қозғалулары;
  • тердің астында тығыз түзінділердің – құздамалық түйіндердің пайда болуы.

Құздамалық артрит: терапия

ҚА диагностикалау әртүрлі тәсілдермен жүргізіледі оған қан талдаулары енеді (жалпы, иммунологиялық, биохимиялық) рентген, пункция, буындардың биопсиясы және басқа да зерттеулер. Ауруды емдеумен ревмотолог дәрігер айналысады.

Құздамалық артрит кезіндегі дәрі-дәрмектер аурудың кезеңіне байланысты тағайындалады. Әдетте медикоментоздық терапия қабынуға қарсы стериодты емес дәрі-дәрмектерден, глюкокортикоидтардан, биологиялық агенттерден тұрады. Негізгі терапияға қосымша ретінде филиотерапия, ремиссия кезеңінде ЛФК ұсынылады.

Остеоартрит

Остеоартрит деп шеміршектер мен олардың жан-жағындағы тіндерді зақымдайтын созылмалы ауруды атайды. Әдетте остеоартрит 40 жаста біліне бастайды, бұл жаста еркектерде жиі кездеседі. Егде жаста остеоартриттің осы және басқа да дәрежесімен барлығы да зардап шегеді.

Шеміршек қызметі-буындағы үйкелісті азайту және оны жыйылудан қорғау. Буын остеоартриті әдетте тіндердің зақымдалуына байланысты пайда болады. Дене оларды қалпына келтіруге тырысады, химиялық заттар буынға жиналып, коллаген мен протеогликандардың пайда болуына себеп болады. Сұйықтықтың сақталуы және ісіну пайда болады, тін жұмсарады, жарықтар мен ұсақ қуыстар пайда болады, бұл сүйектің беріктігін төмендетеді. Дене тағы да зақымдануды емдеуге тырысады, бұл сүйек пен басқа тіндердің қайта өсуіне әкеледі. Нәтижесінде беті тегіс болуы қажет шеміршек түрпідей болады және шұңқырлармен жабылады, бұл оның буынды амортизациялауына жол бермейді.

Остеоартрит бастапқы және қайталама болып бөлінеді. Бастапқы түрінде тек белгілі бір буындар зақымданады. Оған тізе буынының остеоартриті жатады.

Екінші остеоартрит басқа аурудан туындайды және жарақаттанудан, инфекциялардан, туа біткен ақаулардан және басқа патологиялардан пайда болуы мүмкін.

Остеоартриттің нышандары:

  • денеге күш түскеннен кейін жұмыстың соңында буындардың ауруы;
  • қимылдамай қалушылық, қозғалыс басталғаннан кейін 15-20 минуттан кейін жоғалатын ұйқыдан немесе демалудан кейінгі ауырсыну;
  • буындардың ісінуі, деформациясы және қозғалғыштығын шектеу.

Остеоартрит: емдеу

Остеоартритті ревматолог-артролог емдейді. Жоспар аурудың сатысы мен ағымына байланысты жасалады. Емдеу өте ұзақ және әдетте НПВП және хондропротекторлардан дәрілік терапияны, физиотерапияны, ортопедиялық құралдарды қолдануды қамтиды.

https://www.klinikaexpert.ru/articles/49
https://www.msdmanuals.com/ru/профессиональный/нарушения-со-стороны-скелетно-мышечной-и-соединительной-ткани/заболевания-суставов/ревматоидный-артрит-ра
https://www.katrenstyle.ru/articles/journal/diagnosis_treatment/zabolevaniya_sustavov
https://www.gosmed.ru/lechebnaya-deyatelnost/spravochnik-zabolevaniy/revmatologiya/revmatoidnyy-artrit/
https://www.medicina.ru/patsientam/zabolevanija/revmatoidnyj-artrit/
https://www.med157.ru/articles/bolezni-sustavov
https://rsp.mediar-press.net/rsp/article/view/2502/1660
https://kauluveseliba.lv/ru/остеоартрит-возможности-лечения-и-р/