Қаз

Арқа неге ауырады?

Дорсалгия (немесе арқа ауруы) өмір сапасын нашарлатады. Ол әдеттегі міндеттерді қиын орындалатындай етеді, 20-дан 50-ге дейінгі жаста жиі кездеседі және дәрігерге қаралу себебінің рейтингінде екінші орынға ие. Арқа неге ауырады, ауыру қандай болады және онымен не істейміз – біздің мақаламызда түсіндіреміз.

Арқа ауруы қандай болады?

Мамандар арқа ауруын бірнеше түрге бөледі. Ауру синдромы ұзақтығына байланысты келесідей болуы мүмкін:

  • қатты ауыру, егер 6 аптаға дейін созылса;
  • жеделдеу, егер 12 аптаға дейін созылса;
  • созылмалы, егер 12 аптадан аса сақталса;

Арқа ауруы пайда болу себебіне байланысты арнайы және арнайы емес болуы мүмкін.

Себебі нақты белгілі болған ауруды арнайы деп атайды, мысалы, жарақат, омыртқааралық дискілердің зақымдануы немесе қабынуы.

Ауырсыну синдромының бастапқы себебін нақты анықтау мүмкін болмаса, ондай ауру арнайы емеске жатқызылады. Мамандар оны мсіннің бұзылумен немесе жүріс-тұрысы аз өмір салтымен байланыстырады.

Арқа ауырады: себептері

Біздің омыртқамыздың құрылысы өте күрделі. Ол омыртқалардан, омыртқааралық дискілерден, сіңірлерден, жүйке ұштары шеттерінен тұрады. Осы құрамдастардың өзара әрекет етулерінің бұзылуынан ауру пайда болады.

Арқа ауруының кең таралған себептері:

  • Жарық. Омыртқааралық дискілер – омыртқаның амортизаторлары. Аз серпімді бола отырып, диск біртіндеп жұлын каналының саңылауына «ісінеді» және биомеханиканы бұзатын биіктікте кішірейеді. Сондықтан жарық пайда болады. Омыртқаның ісінген бөлігі жүйке ұштарына тиіп, солқылдаған немесе атылған ауырсынуды, сезімталдықтың бұзылуын, қышуды тудыруы мүмкін.
  • Дегенерациялық өзгерістер. Омыртқа тозады және жасына қарай құрылымын өзгертеді, бұл өзгерістер қайтымсыз. Омыртқааралық дискілердің икемділігі бұзылады, олардың биіктігі өзгереді, бұл қырлы буындарға жүктемені арттырады. Осыдан арқа ауырады.
  • Деформациялар. Арқа ауыруының себебі аяқ-қолдарда болуы мүмкін. Мысалы, табан деформацмиясы қадамды бұзады, ал ол өз кезегінде арқа мен аяқтың ауырсынуын болдырады.
  • Омыртқааралық тамырларды бұғаттау. Бұл дене мүсінінің бұзылуы мен ауыр көтеруден болуы мүмкін. Бұғаттау науқастың қозғалыс белсенділігіне әсер ететін ауырсыну спазмымен қабаттас келеді.
  • Бұлшықеттердің бұзылуы. Бұлшықеттер дене мүсінін қолдайды, омыртқаның жағдайын тұрақтандырады және омыртқааралық дискілерге біркелкі жүктеме жасайды. Шамадан тыс жүктемелер мен жарақаттар артқы бұлшықеттерде ауырсынуды, гипертонияны немесе керісінше әлсіздікті тудыруы мүмкін.
  • Қабынба аурулар. Мысалы, егер жауырын арасындағы арқа ауырса – бұл жөтел мен бронхитке байланысты болуы мүмкін.
  • Теріс өмір салты. Отыратын жұмыс, артық салмақ, нашар дене белсенділігі, артық салмақ түсіру, үнемі күйзелістер бұлшықеттердің созылмалы күш түсіреді және арқаның қатты ауруларын болдырады.

Арқа ауырса не істеу керек?

Кейбіреуі аурудан үнемі зардап шегеді, ал кейбіреуінде ол уақытша болады. Бірақ барлық пациенттерді бір нәрсе біріктіреді-ыңғайсыздықтан құтылу үшін олар ауырсынуды басатын дәрілерді оған не себеп болғанын ойламай қабылдайды. Алайда, арқадағы ауырсынуды толығымен жою үшін алдымен оның түпкі себебін анықтап, содан кейін ғана емдеуді бастау керек.

Егер сіздің арқаңыз ауыра бастаса дәрігерге көрінуді созбаңыз. Симптомдарды елемеу ауру асқынуларының дамуына әкелуі мүмкін.

Дәрігер анамнез жинап, байқайды және қажет болған жағдайда тексерілуге жібереді. Тексеру нәтижелері бойынша дәрігер емдеуді тағайындайды. Әдетте бұл ауырсынуды жеңілдетуге, физиоемдеуге және емдік дене шынықтыруға бағытталған дәрі-дәрмектерді қамтитын кешенді терапия.

https://www.medirus.ru/zdorove/diagnostika-i-lechenie/bol-v-spine/
https://avicenna-klinik.com/ru/zabolevanija-pozvonochnika/boli-v-spine/
https://www.promedicina.clinic/adult/bol-v-spine/
https://37gp.by/informatsiya/shkola-zdorovogo-obraza-zhizni/433-bol-v-spine-v-oblasti-pozvonochnika-epidemiologicheskoe-znachenie-simptoma
https://www.neurology.ru/nauchno-populyarnye-stati/ot-chego-bolit-spina-kak-eyo-pravilno-lechit-i-chem-mozhno-navredit
https://www.ottobock.ru/orthotics/deseases-and-treatment/strong-back/
http://www.121kdp.ru/pages/lechenie-boli-v-spine.html