Қаз

Найз гель: қолдану бойынша нұсқаулық

Найз гель – үйдегі дәрі қобдишасында міндетті түрде болуы мүмкін әмбебап құрал. Гель буындар, арқа, бұлшық еттер ауырған кезде көмектеседі. Механикалық зақымдануда да артрит, остехондроз, радикулит сияқты ауыр созылмалы сырқат кезінде де бірдей тиімді.

Гель қалай әсер етеді?

Найз гель стероидты емес қабынуға қарсы дәрі-дәрмектер (СҚҚД) тобына жатады. Негізгі әсер етуші зат – нимесулид, қабынуға қарсы, ауырсынуды басатын және агрегатқа қарсы әрекеттерге ие.

Жарақаттар мен түрлі аурулар біздің ағзамызды простагландиндер (ауырсыну медиаторлары) – ісінуді, ауырсынуды және жоғары сезімталдықты тудыратын арнайы заттар шығаруға мәжбүр етеді. Найз гель простагландиндердің секрециясын тежейді, осылайша ауырсынуды, ісінуді және қабынуды жеңуге көмектеседі.

Найз гель: қолданылу көрсеткіштері

Найз гель жергілікті әрекет етеді және келесідей тірек-қимыл жүйесінің патологиясының белгілерін емдеу үшін қолданылады, мысалы:

  • әртүрлі этиологиядағы артриттер (оның ішінде ревматоидты, теңге қотырлы);
  • остеоартроз;
  • тамыр белгісі бар остеохондроз;
  • анкилозды спондилоартрит;
  • радикулит;
  • ишиас;
  • құяң;
  • артралгия (оның ішінде ревматизм және құяң кезінде);
  • ревматиздік және ревматизмдік емес генез бұлшық еттердің сырқырауы;
  • сіңірлердің қабынуы, бурситтер;
  • жұмсақ тіндердің және тірек-қимыл аппаратының жарақаттан кейінгі қабынуы (сіңірлердің зақымдануы мен жарылуы, көгеру);

Кез келген дәрі-дәрмектер сияқты Найз гельдің де өз қарсы көрсетімдері бар. Оларға жататындар:

  • дәрі құрамдастарына, нимесулидке, ацетилсалицил қышқылына және басқа ҚҚСД-ға жоғары сезімталдық;
  • гельді қолдану саласындағы дерматоздар, эпидермистің зақымдануы, тері инфекциялары;
  • жүктілік және лактация кезеңі;
  • жасы 18 жасқа дейін.

Найз гель рецепсіз босатылады. Қолданар алдында аңдатпамен мұқият танысу ұсынылады.

Найз гель: қолдану бойынша нұсқаулық

Гель сыртқа қолдануға арналған. Құралды ауырған аймаққа біркелкі қабатпен жағу керек, бірақ ысқыламау қажет. Тері құрғақ, таза және зақымдалмауы керек. Оң нәтижеге қол жеткізу үшін Найз гельді тәулігіне 4 рет қолдану қажет. Назар аударыңыз: ең жоғары тәуліктік мөлшері 5 мг/кг аспауы тиіс (тәулігіне 1 туба).

Гель тамаша сіңеді, тіннің ішіне енеді және қажет болған жағдайда сонда әрекет етеді.

Найз гельді дәрігердің кеңесінсіз 10 күнге дейін қолдануға болады. Бірақ осы уақытта симптоматика азаймаса керісінше күшейсе медициналық көмекке жүгіну қажет.

https://ru.wikipedia.org/wiki/Простагландины